ӨНЕРЛІ АРДАГЕРЛЕР – ЕЛ ӨРІСІ

344
Арыс қаласының өнерлі ардагерлері қалалық мәдениет үйінде мерекелік концерт тарту етіп, қала жұртшылығын өнерлерімен сүйсіндірді.
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығына орай өткен концерттік шарада ардагер ата-әжелер «Өмірі өнерлі» деген атпен қойылды.
Салтанатты кешке қала тұрғындарымен бірге шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова қатысып, рухани кешті бірге тамашалады. Шара аясында қала дамуына өлшеусіз үлес қосқан қала ардагерлері марапатталып, сый-сыяпаттар табысталды.
Ұзақ жылдар бойы Арыс қаласында әр түрлі салаларында қызмет етіп, бүгін де абыз қарт, ақ әже болып, айналасына «айналайындарын» шуақты қабақтарымен жаудырып отырған асыл жандардың концерті жоғары деңгейде өтіп, зал лық толды.
Салтанатты шара Арыс қалалық «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасының» мүшелерінің орындауында Беу-айдай өлеңімен бастау алды.
Одан кейін, Монтайтас ауылдық округінен келген «Асыл әже» тобы «Кесе» биін билесе, Ақдала ауылдық округінен келген «Айпара ана» тобы «Ана туралы жыр» әнін орындап, қайта-қайта соғылған шапалақ пен ыстық ықыласқа бөленді. Ал, Арыс халқына кеңінен танымал Роза Сейітқасымова «Ананың қадірін біл» әнін тамылжытып орындағанда көрермендер орындарынан тік тұрып, қосыла шырқады.
Шара барысында қалалық «Әжелер алқасының» төрайымы Өрікгүл Елубаева «Әдемі ана» әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелері «Жан досым» әнін құйқылжыта орындап, залды тебірентті.
Шара соңы қалалық ардагерлер ұжымының «Ардагерлер жыры» хорымен қорытындыланды. Ән мен бидің әуезіне бөленген көпшілік қауым орындарынан тұрып, өнерлі ардагерлерге ұзақ қол соқты.
Қала дамуы мен жастар тәрбиесінде елеулі істер атқарып жүрген ардагерлер ұйымына Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызы өз алғысын білдірді.
Возможно, это изображение 1 человек и стоит
Advertisements