ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН – ЕЛ АРДАҚТЫ

193

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға ұрпаққа қамқорлық көрсету – партияның басым бағыттарының бірі.
Осы мақсатта, бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының ұйымдастыруымен 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мерекелері қарсаңында маңызды шара өтті.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Бақтығали Ділдәбеков, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл қатысты.
Кездесу барысында партия филиалының төрағасы Б.Ділдәбеков және қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов қаламыздың өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек еткен қазыналы қарияларымызға құрмет көрсетіп, алдағы қос мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, қарияларға «AMANAT» партиясының атынан арнайы азық-түлік себеттерін табыстап, сый-сияпат жасады.
Қос мерекеге орай өткен кездесу барысында ардагерлеріміз құрмет пен ықылас үшін өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

 

Advertisements