Түркістан облысы әкімінің Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

121
Құрметті қауым!
Қадірлі Түркістан жұртшылығы!
 Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің белгісі, дәлелі һәм ажырамас бөлігі. Еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бүкіл әлемге танытатын құндылықтар. Рәміздерімізді қастерлеп, құрмет тұту – баршамыздың ортақ парызымыз!
Бүгінде күні нұрын төгіп, көк аспанында қыран құсы қалықтаған Мемлекеттік Туымызды әлем жұртшылығы біледі. Біздің дарабоз спортшыларымыз байрақты бәсекелерде «Менің Қазақстанымды» талай рет шырқатып, Туымызды желбіретті. Асқан тереңдікпен, біліммен және шеберлікпен даярланған Елтаңбамыз да кеудемізде мақтаныш сезімін ұялатады.
Түркістан өңірінде де рәміздерін айрықша қадірлейтін отаншыл жастар өсіп келеді. Олар ұлттық құндылықтарға адал болып, мемлекеттің дамуына үлес қосатыны анық. «Менің Қазақстаным!» деп шын жүректен Әнұранды шырқайтын ұрпақ аман болғай!
Құрметті Қазақ елі!
Бойымызды ерекше сезімге бөлеп, партиоттық сезімді оятып, жігерлендіретін мемлекеттік рәміздеріміз ешқашан төрімізден түспесін! Көк туымымыз бейбітшілік аспанында мәңгі желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз берекелі, мемлекетіміз қуатты болсын!
Құрметпен,
Дархан Сатыбалды
Түркістан облысының әкімі
Возможно, это изображение текст
Advertisements