АРЫС: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

125
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, бүгін Арыс АПБ-нің ұйымдастыруымен қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру» жоспары талқыланды.
Жиынға, қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, ауыл округ әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік емес ұйымдар мен консультативтік кеңесші орган мүшелері және баспасөз тілшілері мен қала тұрғындары қатысты.
Кеңес отырысында, соңғы кездері өзекті мәселеге айналған интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жол апаты жағдайларының алдын алу шаралары бойынша дайындалған жоспарлар талқыға түсті. Бұл туралы, ПБ бастығы полиция полковнигі Алмаз Мырзахметов толығырақ тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс тілектерін жеткізді.
Advertisements