Арыс қаласы және ауылдық округтер аумағына 59 429 дана ағаш көшеттері отырғызылды.
Ағаш көшеттері отырғызылған ұзындығы 9 шақырым қоршау орнатылды. Ал тамшылатып суғару жүйелерінің ұзындығы – 6,0 шақырымды құрады. Осы мақсаттарға 2 су ұңғымасы қазылды.
Өткен жылы Арыс қаласындағы Сырдарья елді мекенінде «С.Адамбеков» атындағы саябағы қолданысқа берілді. Биыл 8 футбол алаңшалары жөндеуден өткізілді.
Бұдан өзге, Түркістан қаласындағы 17 көшеге жерге орналастыру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шағыр елді мекеніне жеке инвестордың есебінен футбол алаңшасы мен «Street Workout» орнатылды. Жоба құны 30,00 млн. теңге құрайтын кәсіпкер есебінен салынды.
Айта кетейік, Арыс қаласында демалыс орындары — 15. Атап айтсақ, саябақтар — 5, аллея — 2, сквер — 5, арбат — 1, мемориал — 1, монумент — 1. Сондай-ақ футбол алаңшалары — 25, ойын алаңшалары — 12, спорт алаңшалары 5