АРЫСТА ЖАРТЫ ЖЫЛДА 7000 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

130
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындармен есептік кездесуде пайдаланусыз бос жатқан жайылым және суармалы жер туралы айтты.
«Биыл игерілмей бос жатқан жерлерді қайта айналымға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл басынан бері 7292,2 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 7291,0 гектары жайылым, ал 1,2 гектары суармалы жер. Сондай-ақ, ауылдар мен елді мекендерде ортақ жайылым жерлер 2500 ұлғайтылды. Яғни, Ақдала ауылында ортақ жайылым 1500 гектарға, Аққалада 1000 гектарға ұлғайтылды. Бұл бағытта жұмыстар жүйелі жалғасатын болады,» -деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.
Жалпы, қаламызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру, аталған салаға инвестиция тарту бағытында 2023 жылы ауқымды жұмыстар бар.
Атап айтқанда, құны 8,7 млрд теңге құрайтын «Turkistan Agro KZ» ЖШС биыл 25 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын бастастайды. Кешен толық іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, ірі қара малды азықпен (жем, шөп) қамтамасыз ету үшін 3000 га аумаққа жаңбырлатып суару әдісімен өнім алуға тағы 8 млрд теңге инвестиция салынбақ. Бүгінгі таңда, мал бордақылау алаңына қажетті инженерлік-инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатында 54 шақырымға жоғары кернеулі электр жарығы тартылған.
Ал, «KAZPLEMZAVOD» ЖШС 10 000 бас ірі қара малды өсіру және көбейтуді жолға қоюда. Аталған серіктестік 2023 жылы 3550 асыл тұқымды қалмақ бас сиырын әкелмек. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 275,0 млн. теңгені құрайды. Көп күтімді керек етпейтін, кез келген ауа-райына төзімді сиырдың салмағы – 500 келі, бұқасы бір тоннаға дейін тартады.
Advertisements