БАЙЫРҚҰМДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІН КӨРЕТІН БОЛАДЫ

153
Байырқұм ауылы қаламызға қарасты ауылдар арасында алғашқылардың бірі болып көгілдір отынның игілігін көрмек.
Бүгін, қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың жергілікті тұрғындармен кезекті кездесуі Байырқұм елді мекенінде жалғасты. Ауыл орталығындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиын сұрақ-жауап үлгісінде ашық диалог форматында өтті.
Қала әкімі алдымен атқарылатын негізгі жұмыс-жоспарлар турасында қысқаша баяндады.
«Биыл, Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, Аққала елді мекендеріне газ жүргізу үшін, газ құбырының (магистраль) құрылысы жүргізіліп жатыр. Сәтін салса, Байырқұм – ауыл округтер арасында алғашқылардың бірі болып көгілдір отынға қол жеткізеді»,– деді Гүлжан Мамытқызы.
Биыл Байырқұмда атқарылар тындырымды тірліктер көп. Мұнда жақында футбол алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме анықталып, алдағы аптада тиісті жұмыстарды бастамақ.
Бұдан бөлек, берекелі ауылдың ауыз су жүйесін ауыстыру жұмыстары жоспарланған. Жыл аяғына дейін мембраналық фильтрін ауыстыру, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, қала әкімі тарапынан нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, электр бағаналарының ауыстырылуы мен электр қуатының әлсіздігі, жедел жәрдем көлігі мен диқандар үшін химиялық өңдеу дәрілеріне қолжетімділік мәселелері қозғалды.
Бұл бағыт бойынша тиянақты жұмыс жүргізілуін қала әкімі жіті бақылауда ұстайтын болып, жауапты қызметкерлерге тапсырмалар жүктеді.
Возможно, это изображение 8 человек и текст
Advertisements