СӘТІН САЛСА, ЖИДЕЛІДЕ ДЕ ГАЗ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

129
Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың халықпен кездесуі бүгін күре жол бойында орналасқан Жиделі ауылдық округінде жалғасты.
Қала басшысы алдымен ауыл халқына биылғы жылғы атқарылған жетістіктерді баяндап, алдағы жоспарларды ортаға салды.
«Осыдан үш ай бұрын ауылдарыңызда су жаңа 120 орындық ауыл клубы мен кітапханасын аштық.Енді, заманауи спорт зал салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыныс енгіздік. Алдағы уақытта тиісті қаржы бөлінгенде, оның да құрылысы басталмақ» – деді Гүлжан Мамытқызы.
Биыл – Жиделі, Аққала елді мекендеріне дейінгі газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Сәтін салса, нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Байырқұмдықтармен бірге ауылдық округтер арасында көгілдір газ бірінші болып Жиделі, Аққала жұртына да қолжетімді болмақ.
Сондай-ақ, Жиделіде екі каналды күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ. Қазіргі таңда «3-К-1» және «3-К-3» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін бірінің ЖСҚ әзірленіп, қаржыға сұраныс беріліп қойылса («3-К-1»), екінші каналдың ЖСҚ құжаттары әзірленіп жатыр.
Жиделілік ағайын «Ауыл аманаты» жобасына енген ауыл. Қазіргі есеп бойынша, Жиделі ауылдық округінен 45 өтінім ұсынылған. Шаһар басшысы мемлекет ұсынған жеңілдікті пайдаланып, ауылды дамыту үшін бұдан да белсенді болу керектігін айтты. Ол үшін әкімдік тарапынан жан-жақты көмектер көрсетіле беретін болады.
Кездесуде Жиделі тұрғындары қала әкіміне тұрғын үй құжатын рәсімдеуге қатысты өтініштерін білдірді. Бұл сұраққа қатысты шаһар басшысы тиісті сала басшыларына, жауапты бөлімдерге мәселені тез арада шешіп, толықтай сүйемелдеуді тапсырды.
Возможно, это изображение 9 человек
Advertisements