АРЫСҚА 17 МЫҢ ТОННА КӨМІР ЖЕТКІЗІЛДІ

217
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қала әкімдігі жергілікті тұрғындардан жылыту маусымына дайындалып, көмірді алдын ала сатып алуларын сұрайды.
Бүгінгі таңда, қаламызда орналасқан «Coal System Trade» ЖШС-не (бұрынғы ТопБаза) 17 100 тонна «Шұбаркөл» көмірі жеткізілді. Көмірдің орташа бағасы жеткізу қызметін қоспағанда – 18 300 теңгені құрайды.
Қыстың қытымыр аязы жақындағанда көмірді жұрттың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезектер туындауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін, жеке сектор тұрғындарына жылыту маусымына ертерек қамданып, қазірден бастап көмір қорын жинақтап алуларыңыз сұраймыз.
Нет описания фото.
Advertisements