«АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША  ЖҰМЫСШЫ ТОП АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

112

2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен өңірімізге 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» жобасының 6 бағыты бойынша (Тұрғындардың өз кәсібін ашу) жалпы 978,8 млн. теңгеге 129 жоба қаралуда.

«Ауыл аманаты» бойынша кәсіпкерлік бағытына кәсіпкерлерді баулу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен арнайы құрылған жұмысшы топтар өз жұмысын бастады. Облыс әкімінің орынбасар Н.Көшеровтің бақылауымен жұмысшы топтар 2-8 тамыз айы аралығында барлық аудан және қалаларды аралайтын болады. Құрамында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Түркістан» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Ырыс» қаржы институтарының өкілдері бар.

Жұмысшы топтың негізгі мақсаты – кәсіпкерлерді «Ауыл аманаты» жобасының 6-бағыты, яғни кәсіпкерлік бағытына баулу, қаржылай қолдау шараларын кәсіпкерлерге кеңінен түсіндіру.

Жұмысшы топтар алғашқы кездесулерін өңіріміздің Сауран, Созақ, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Отырар аудандары мен Кентау, Арыс қалаларынан бастады.

Жұмысшы топтардың тұрғындармен кездесуінде кәсіпкерлік мақсаттағы профнастил, тері және жүн өнімдерін қайта өңдеу, газоблок, шлакоблок және лего кірпіш өндірісі, сабын, сұйық сабын  өндіру, жиһаз жасау, ағаш цехін ашу, құрылыс қолғап өндірісі және құрылыс материалдарын жасау сынды жобалары талқыланды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен пайдасы және шығыны есептелген кәсіпкерлік мақсаттағы

50 әлеуеттік бизнес жоба кәсіпкерлер назарына таныстырылды.

Жұмысшы топ жиында көтерілген әрбір жобаны тізімге алып, оларды қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдейтін болады. Жиын соңында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкерлерді кіші өндірістік жобаларды бастауға, ауыл шаруашылығынан басқа табыс табудың қосымша көздерін ашуға шақырып, шеңберінде қолдау көрсетілетінін қайталап атап өтті.

Кәсіпкерлермен кездесу атқарушы билік пен бизнес арасындағы есеп беру түрінде емес, қаржылай қолдау алу процессі егжей тегжейлі талқыланған, жүйелі проблемалық мәселелер ортаға салынған кездесу түрінде өткенін атап өткен жөн.

Advertisements