«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

93
Арыс қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Халықтың кеңседе» «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада тұрғындар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен тиісті мекеме мамандарына толғандырған сұрақтарын қойып, кеңес алды.
Акция аясында мамандар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жан-жақты түсіндірді. Оның ішінде, кейбір қызметтерді үйде отырып, электрон цифрлі қолтаңба арқылы алуға болатындығын айтты.
Advertisements