2023 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІЛДЕСІНЕН БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕТІН «ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ» НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

78
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік Кодексі» нормаларын түсіндіру бойынша жиын өтті.
Мәжіліске қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші болып сөз алған Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Хадиша Мақұлбаева биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік Кодексі» туралы қысқаша сипаттама берді.
Күн тәртібіндегі Әлеуметтік Кодекс, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік төлемдердің санаттарына жеке-жеке тоқталған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасының бас маманы Ғалымбек Боранбек, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Алтай Кенжебаев хабарлама жасап, жан-жақты түсіндірді.
Кездесуде жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өз пікірлерін білдірді. Қойылған сұрақтарға облыстан арнайы келген жұмысшы топ өкілдері тыңғылықты жауаптарын берді.
Advertisements