БІР АЯҒЫНАН АЙРЫЛҒАН АРЫСТЫҚ АЗАМАТ ҚҰРЫЛЫСШЫ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.

100

Жасынан жігерлі болып өскен оның жұмыс кестесі қауырт. Үйдің ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстарының барлық түрін жасайды. Қолы қалт еткенде жаңадан тұрғызылып жатқан ауыл мешітінің ішкі-сыртқы жұмыстарын сауап үшін жүргізеді.

Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отқан ол мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жұбайымен бірге шағын отбасылық кәсібін дөңгелетіп отыр. Іскер азамат ауыл тұрғындарынан сүт сатып алып, одан дәмі тіл үйіретін балмұздақ жасап сатады.

«Арманым кәсібімді бұдан да үлкен етіп ұлғайту. Осы мақсатта еңбек етіп жатырмын. Үйде жатып, босқа уақыт өткізгенді жаратпаймын. Бастысы денім сау, отбасым бар. Қуатым барда еңбек ету керек» дейді ол.

Advertisements