ТАБИҒАТТА ДЕМАЛУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!

88

Жазғы маусымда азаматтар табиғат аясына шығып, демалғанды жөн көреді. Алайда, кейбір тұрғындар орман мен далалық жерлерде от жағып, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамайды. Бұл үлкен қасіретке әкелуі мүмкін!

Құрметті қала және ауылдық округ тұрғындары!

Облыс аумағында қалыптасқан ыстық, құрғақ және желді ауа райына байланысты өрт қаупі жоғарылайды.

Табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерді сақтамау, жол жиегіне өшірмей тасталған темекі тұқылы, күн сәулесі үшін линза ретіндегі әсерін тигізетін шыны сынығы – өртке себеп болатын қарапайым адами факторлар. Отты жағып болғаннан кейін оның шоқтарына су құйып немесе құм, топырақ пен көміп тастау керек. Балалардың отпен, сіріңкемен ойнауына жол бермеңіздер.

Желді күндері осындай «ұсақ-түйектер» қасіретке айналуы мүмкін. От санаулы секундтар ішінде көрші учаскеге ауысып, орман мен даланы, тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарды жоюға қабілетті.

Арыс қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.

Осы қарапайым ережелерді сақтаған кезде ғана кең байтақ табиғатымызды өрт қаупінен сақтаймыз!

Advertisements