АРЫСТЫҚ ЖАСТАР ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІН ОБЛЫСТА АТАП ӨТТІ

115

Түркістанда 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Жастармен BIRGE» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік кеште Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев жастарды құттықтап, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың арнайы алғыс хатымен аудан, қаланың белсенді жастарын марапаттады.

Жастарды мерекесімен елімізге танымал «Рудный» құрамасы және эстраданың жарық жұлдызы Жігер Ауыпбаев құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Өз өнерлерін көрсетіп, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында көрермен арасынан белсенділік танытқан азаматтарға Облыстық жастар орталығының арнайы сыйлықтары табысталды.

Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша халық саны 2 119 320 құраса, 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар саны 654 363 жасты құрайды (ер – 344 485 (52,6%), әйел – 309 878 (47,4%)). Оның ішінде: қала жастары –  156 629 (24%), ауыл жастары – 497 734 (76%). Сондай-ақ облыс аумағында 18 Жастар ресурстық орталықтары (1 облыстық, 14 аудан, 3 қалалық) қызмет көрсетуде. Орта есеппен әр орталыққа 36 353 жастан келеді.

Advertisements