АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Бүгін Арыс аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен қалалық ішкі саясат бөлімі мен бөлімге қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп тұрғындарға жол қауіпсіздігі ережесін сақтауға бағытталған іс-шара өткізді. Шара барысында көлік құралдарын жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жол ережелерін қатаң сақтау ескертілді.
Жалпы, автокөлік тарихының басталғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан, автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде.
Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Барлық дерлік жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады.
Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің белгіленген шектен жылдамдықты асыруы, мас күйінде көлікті басқаруы, басып озу ережесін бұзуы, қарама-қарсы жолға шығып кетуі, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзуы; ақауы бар көлікті басқаруы, ара-қашықтықты сақтамауы, реттеу дабылына бағынбауы; жол жүрісі белгілеріне бағынбауы, адамдарды тасымалдау ережесін бұзуы; жаяу жүргіншілер ережесін бұзуы және т.б. оқыс әрекеттері салдарынан орын алады.
Өкініштісі жол-көлік оқиғаларының салдары адамдардың мерт болуына және түрлі дене жарақаттарын алуына әкеп соғады, оның ішінде жан жануар мал құстарды арнайы қора жайда ұстау қажеттігін ескере келе оны қамауда тұрақты түрде ұстаған абзал.
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 94-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жол жүрісі саласындағы қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін қызметке (жол жүрісі саласында тәуекелдері бар ұйымдар, көлік құралдарының иелері және тағы басқалар), ал көлік құралдары мен жолдар жоғары қауіптілік көзіне жатқызылады.
Жол қозғалысы барысында жүргізуші қызметтің ең белсенді субъектісі болып табылады және қауіпсіздік үшін құқықтық жауапкершілікте болады.
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
Аудан прокуратурасы көлік құралдарын басқару барысында жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады!