ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ АРЫСҚА ІС-САПАРМЕН КЕЛІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев Арыс қала әкімі активімен кездесіп, қаладағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысқан жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс аудандық прокуроры мен аудандық көлік прокуроры және әскери прокурор, құқық қорғау органдары өкілдері мен қала аумағында орналасқан әскери бөлімдердің басшылық құрамдары, қалалық Ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық кеңес төрағалары, қала әкімі аппараты және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы қаладағы өзекті мәселердің оңтайлы шешілу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жасалған іс-шараларды баяндады.
Басқосуда қалалық «Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл сөз сөйлеп, қаламыздың жалпы әлеуетіне тоқталды.
Облыс прокуроры Мұрат Әжінұрұлы бірқатар мәселелермен таныса отырып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.