АРЫС: КРИМИНОГЕНДІК АХУАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

228
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтарға қауіпсіз өмір сүруге жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі таңда жалпы қылмыстылық деңгейі төмендегеніне қарамастан құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері алдыңғы қатарда қалуда.
Осы орайда Арыс аудандық прокуроры Талғат Сейдуалиевтің төрағалығымен қала көлеміндегі қылмыстылық деңгейі және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында уәкілетті органдардың қабылдаған шараларының жай-күйі мәселесі бойынша Мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Аталған мәжіліске қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, Аудандық полиция бөлімі бастығы Бауыржан Қуатов, білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, әкім орынбасарлары және мүдделі қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібіне шығарылған мәселе толығымен талқыланып, жиын қорытындысымен хаттама түзіліп, орындау үшін мүдделі органдарға жолданды.
Advertisements