ҚҰРМЕТТІ АРЫСТЫҚТАР! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

72

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – біздің ынтымағымыз бен берекелі тірлігімізді паш ететін айрықша мейрам.
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен өзара түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде қашан да нәтижелі істер көп болады.
Бүгінде, сан түрлі ұлт мен ұлыстарға құтты мекен болған Арыс қаласы жылдан-жылға көркейіп, кемелденуде.
Мен ойлаймын, Арыс қаласының бағындырған барлық белестері, жеткен жетістіктері – айрандай ұйыған халқының бірлігімен келіп отыр. Лайым, осы берекеміз бұзылмасын.
Тоғыз жол торабында тұрып, түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған Арыс халқының ынтымағы жасай берсін!
Қымбатты ағайын!
Тілегіміз – тыныштық пен татулық болсын.
Баршаңызға зор табыс тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!
Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Нет описания фото.
Advertisements