ҚҰРМЕТТІ ОФИЦЕР МЫРЗАЛАР МЕН САРБАЗДАР! ҚАДІРЛІ АРЫСТЫҚТАР!

52

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің төл мерекесіне айналды.

Бүгінде сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарына, Антына адал қызмет атқаруда.

Біздің жауынгерлеріміз тек қана ел тұтастығына қорған болып қана қоймай, қаламыздың өркендеуі мен тұрғындар қауіпсіздігіне қорған болып келеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ақпан айында болған төтенше жағдай кезінде де жергілікті билік өкілдері, полицейлер мен құтқарушыларға көмекке келгендердің бірі – №44859 әскери бөлім сарбаздары. Олар өз қызметімен қатар тасқын судың алдын алудың барлық ауыртпалықтарын табандылықпен көтерді. Одан бөлек қаламызды көгалдандыруда да арыстық сарбаздардың қосқан үлесі зор.

Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.

Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!

Ізгі ниетпен,

Арыс қаласының әкімі

Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА

Advertisements