ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

55

Сіздерді 9 мамыр – Жеңістің 78 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік болып, еліміздің өркендеуі Жеңіс күнімен тікелей байланысты. Бұл дата – халқымыздың ерен еңбегі мен жанкешті ерлігінің үлгісі. Сондықтан да осы күні ардагерлердің батырлығына бас ие отырып, алғыс айту бізге парыз!

Тарихы теміржолмен тікелей байланысатын Арыс қаласынан сұрапыл соғысқа 10 503 адам аттанып, оның 5 314-і туған жерге оралмады.

Бүгінде қала орталығында орналасқан «Жеңіс» скверінде соғыс боздақтарының есімі тасқа қашалып жазылған.

Олардың есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады.

Ал майдан даласында ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен арыстық 6 жауынгер – Бейсен Оңтаев, Берген Исаханов, Садық Исмаилов, Нағи Ілиясов, Ережепбай Молдабаев және Иван Журба Кеңес Одағының Батыры атанды.

Тек қан майданда ғана емес, тылда еңбек етіп, қиындықты бастан кешкен, таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген қайратты да қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың алғысы шексіз.

Ардақты ағайын!

Арыс жерінен майдан шебіне аттанып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың, ардақты майдангерлеріміздің өшпес ерлігі біздің мәңгі есімізде сақталады.

Қаламыздың барша тыл ардагерлері мен майдангер батырларымыздың ұрпақтарына мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Арыс қаласының әкімі

Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА

Advertisements