СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ: АЛАҚАНДАЙ АРЫСТАН 6 БАТЫР ШЫҚҚАН

173

Жетпістен астам мемлекет немесе жер шары халқының 80 пайызы қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 78 жыл толды.

Бұл көлемі және адам шығыны жөнінен дүниедегі ең жойқын, ең қырғын соғыс болды.

1939 жылы КСРО жүргізген халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың-нан астам қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды.

Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам “Даңқ” орденінің иегері атанды.

Осынау сұрапыл соғыс тарихында тоғыз жолдың торабы Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінің алатын орны ерекше.

Мекеме 1919 жылы орыстың әлеуетті байы босатқан ғимаратта жетімдер мен аштарға үш мезгіл ыстық тамақ даярлап беретін орын боп ашылған. Келесі жылы балалар коммунасы, 3 жылдан соң балалар үйі болды. Аласапыран оқиғалар мен кеңес империясы қолдан жасаған аштық салдарынан ата-аналарынан ерте айрылып, әлдеқалай тірі қалған балалар дәл осы мекемеде пана тапты.

Соғыс жылдары, Арыс қаласынан тарихы ғасырдан астам балалар үйінің 5 түлегі қан майданда ерліктің ғажайып үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атанды.

Назарларыңызға, Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында, жетімдік тауқыметін тартса да, отан үшін от кешкен бес батыр туралы жазуды жөн санадық.

Келесі посттарды ашып көріңіз.

Advertisements