ЖЕҢІС! «АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

55

ЖЕҢІС!

«АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Бүгін, Бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының 6-турында «Арыс» футбол клубы алматылық «Қайрат» (жастар) командасын қабылдады.

Арыстық аяқдопшылар ойын басталғаннан қарсылас команда қақпасын шабуылдаумен болды. Төгілген тер еш кетпей, ойынның 85 минутында жерлестеріміз сапынан Нұрбақыт Досанов әсем соққымен есепті ашып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.

Осы жеңіс арқасында «Арыс» футбол командасы турнирлік кестеде 12 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Алға, АРЫС!

 

Advertisements