ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ! .

54

12 мамыр күні Төлеби ауданында «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ» атты облыстық сайыс өтетінін хабарлаймыз.

Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында Түркістан облысының барлық аудан, қала жастары арасында Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і «Төлеби бабамыздың туғанына 360 жыл» толуына орай «Көшпенділер ойыны» атты облыстық сайысын ұйымдастыруда.

Жарыс қазақ халқының ұлттық ойындарының 7 түрінен: садақ ату, өгіз көтеру, қазақ күресі, көкпар жекпе-жегі, аударыспақ, ләңгі тебу, арқан тартыс бойынша өтеді.

Баршаңызды Леңгір қаласы, «Төле би баба» саябағында сағат 09.00-де басталатын тартысты доданы тамашалап, жанкүйер болуға шақырамыз.

Advertisements