ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

53

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға әкім орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй мәселесі, үй кезегі, жайылым жер, кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық, аялдама қою сынды сауалдар көтерді .

Шаһар басшысы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сондай-ақ орынбасары мен бөлім басшыларына әр айтылған мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Advertisements