ҚАЛА ӘКІМІ «ҚАСІРЕТ» МЕМОРИАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ

69

Қазақстандықтар жыл сайын 31-мамыр күні Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады.

Арыста ұлт үшін жазықсыз құрбан болған боздақтар мен ашаршылық құрбандарына арналып салынған «Қасірет» мемориалы ұзақ уақыттан бері жөндеуді қажет ететін.

Осыған байланысты, қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасымен өткендер рухына тағзым, болашақ үшін тағлымы мол ескерткішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін шаһар басшысы қайта жаңғыртылып жатқан тарихи ескерткіш басында болып, жұмыс барысын бақылады. Жөндеу жұмыстарына куә болған қала басшысы ескерткіштің тарихи маңызына тоқталып, жұмыстарды мерзімінде сапалы тапсыру қажеттігін айтты.

Advertisements