АРЫСТА РАДИАТОРЛАР МЕН ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ШЫҒАРЫЛМАҚ

52

 

Арыс қаласында «MEGA-AGAT» зауыты шетел инвесторларымен бірлесіп жаңа зауыттың құрылысын бастайды. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Түркістан қаласында өткенде брифингте мәлімдеді.

«Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясы, Ханжоу қаласында Қазақстанның “MEGA-AGAT» ЖШС және қытайлық “Чжэцзян Навэс Индустри Энд трэйд КО ЛТД” арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция арқылы радиаторлар, газ қазандықтары, жылы еденге арналған коллекторлар өндірісі жүзеге асырылады», – деді Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызы.

Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде Арыс қаласында өңдеу өнеркәсіп саласы бойынша – 10, машина жасау – 1, транспорт логистика – 1, туризм саласы – 2, білім саласы – 9, агроөнеркәсіп саласы – 16, балық өсіру – 4 инвест жоба жүзеге асырылмақ.

Advertisements