«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Арыста қала әкімдігі аппаратының халықтық кеңсе ғимаратында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Акцияға қатысқан қала тұрғындары белгілі адвокаттардан, нотариустардан, сот орындаушыларынан, мемлекеттік органдардың өкілдерінен кеңестер алып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.