АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Жетісай ауданынан қызмет алушы (күміс алқа иегері) өзінің тұрғылықты баспанасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеуіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше рет өтінішпен жүгінсе де, қызмет беруші әр-түрлі себептермен қызмет көрсетуден бас тартып отырған.
Өзінің бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында аталған азаматша
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне арызбен жүгінген.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе сондай-ақ, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Арыз негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, Департаменттің нұсқамасына сәйкес азаматшаға заңмен кепілдік берілген құқығы, яғни тұрғын үйге кезекке қойылды.
Ендігі кезекте тұрғын үй кезегінен негізсіз бас тартқан лауазымды тұлғалардың тәртіптік мәселесі қаралуда.
Айта кету қажет, мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне қатысты шағымдарды қарау Департаменттің негізгі басымдықтарының бірі.
Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Өмірзахов Серік Бектурсынұлы