ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

108
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жақында арыстық бір топ кәсіпкерлермен бірге Қытай еліне іс-сапармен барды. Бағдарлама аясында ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, әріптестік жөнінде келіссөздер жүргізген болатын.
Шаһар басшысы Қытай Халық Республикасынан Арысқа ат терлетіп келген инвесторларымен кездесіп, оларға қаламыздың инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
«Арыстық кәсіпкерлер шетел инвесторларымен бірлескен зауыттар құрып, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүдделі. Өз кезегінде, бізде кез келген тиімді идеялар мен жобаларды қолдап, инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдай жасауға дайынбыз», – деді шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы.
Өз кезегінде, «Zhejiang Navas Industry and Trade Co LTD» компаниясының басшысы әріптестік орнатқанына қуанышты екенін жеткізіп, ұзақ мерзімді бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді.
Кездесу аясында қонақтарға Арыс қаласының теміржолмен өрілген транспорттық-логистикалық әлеуеті таныстырылды. Шаһар басшысы өнімдерді елімізден бөлек, алыс-жақын шетелге экспорттауға «Орта Азия қақпасы» саналатын қаламыздың мүмкіндіктерін ерекше атап көрсетті.
Бұдан кейін, инвестор қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі «Mega-Agat» серіктесігіне барды. Инвестор осы арыстық «Mega-Agat» кәсіпорнымен бірлесіп, алюминий радиаторларын, газ қазандықтарын, еден аралық жылыту конвекторы (теплый пол) шығаратын зауыт ашуға ниет білдірді.
Арыс қаласының экономикалық әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін айтты.
Возможно, это изображение 6 человек, стол и текст
Advertisements