БАС ПРОКУРОР БЕРІК АСЫЛОВ БАКУ ҚАЛАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАС ПРОКУРОРЛАРЫНЫҢ 4-ШІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ (ЭЫҰ).

89
ЭЫҰ алаңында ведомство басшылары адам саудасына, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес саласындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Б. Асылов барлық қатысушыларды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Бас Прокурор шетелдік әріптестеріне осы мәселеге қарсы күш біріктіруді ұсынды.
Отырыс аяқталғаннан кейін қадағалау органының басшысы шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Онда өзара құқықтық көмек көрсету, оның ішінде активтерді қайтару бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Нет описания фото.
Advertisements