Арыс қаласының Ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы техникалары иелерінің назарына – техникалық байқау!
Қала мен ауылдық округтерде тіркелген ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы техникаларын пайдаланушы субъектілер – заңды және жеке тұлғалар үшін жыл сайынғы техникалық байқау өткізіледі. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Бұған тракторлар, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, сондай-ақ арнайы жабдық орнатылған тіркемелер, мелиоративтік және жол-құрылысы техникалары, өтімділігі жоғары арнайы машиналар жатады.
Техникалық байқау 2025 жылдың 11 наурызынан 28 сәуіріне дейінгі аралықта өткізіледі. Бұл – техниканың техникалық жай-күйін тексеріп, қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтайтын маңызды шара. Осы байқауға қатысу арқылы азаматтар өз техникаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, заң талаптарын да орындайды.
Жеке тұлғалар (немесе сенімхат арқылы өкілдері) техникалық байқауға төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:
-
1-қосымша нысанындағы өтініш;
-
Машинаның тіркеу құжаты (техникалық паспорт).
Ал заңды тұлғалар:
-
1-қосымша нысанындағы өтініш;
-
Техникалық паспорт;
-
2-қосымшаға сәйкес техникалық қарап-тексеру актісіне енгізілетін машиналар туралы мәліметтерді ұсынады.
Техникалық байқау – тексеру мен құжат рәсімдеуден бөлек, иеліктегі техниканың дұрыс пайдаланылып жатқанын бақылау, және қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қамтамасыз ететін шара. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында үлкен мәнге ие.
Арыс қаласы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы бөлімі барлық техникалар иелерін техникалық байқауға уақытылы қатысып, заңнама талаптарын орындауға шақырады. Байқаудан өтпеген техниканы пайдалану заңмен шектеледі және айыппұл салуға негіз болады.
Қосымша мәліметтер мен кеңес алу үшін Арыс қаласының Ауыл шаруашылығы бөліміне немесе сенім телефонына 5-92-19 нөмірі арқылы хабарласуға болады.