ШЫМКЕНТТЕ МАЛДЫ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАРДАН САҚТАЙТЫН ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

260

Шымкент қаласында мал шаруашылығын дамыту мақсатында түрлі жаңа жобалар қолға алынды. Соның бірі малдардың тейлериоз, пироплазмоз, анаплазмоз секілді паразиторлық ауруларымен күресуге бағытталып отыр.

Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мәлімдеуінше, ұсынылып отырған жобаның мақсаты – эндоглобулярлық паразиттер мен флагеллалардан (пироплазмоздар, тейлериоз) туындаған ауыл шаруашылығы жануарларының қан паразитарлық ауруларының алдын алу, ауруды ерте кезеңде анықтау және тиімді күрес жүргізу.

Статистикаға сәйкес, еліміздің оңтүстік өңірлерінде малдың 95 пайызы тейлериоз және пироплазмоз ауруымен, 40 пайызы анаплазмоз ауруына шалдығады екен. Бұл жануарлардың өлімі мен өнімділіктің төмендеуіне алып келіп, айтарлық экономикалық залал келтіреді дейді мамандар.

Сондықтан жобаға сәйкес шаруақожалықтағы ірі қара малдардың паразиторлық ауруларын анықтау үшін сараптама алынып, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнына лабораториялық жұмыстар жүргізуге жолданды. Келесі кезекте ұсақ малдардан алынады. Осылайша мал ауруларының деңгейін анықтап, жүйелі емдеу шарасын жүргізуге мүмкіндік туады.

Advertisements