Отырар ауданының әкімі тұрғындарды әуре-сарсаңға салынбауға шақырды

486

Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ауданда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен тұрғындардың өтініш, арыз-шағымдарының қаралу барысы туралы жиын өткізіп, жұмыстарды бағамдады.


Жиында ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Есбол Қасымбеков мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаға сәйкес қаралуына байланысты ұсыным енгізсе, әкімшілік және жалпы бөлімінің бас инспекторы Еркебұлан Жаймырзаев тұрғындар өтінішін ақпараттық жүйеде тіркелуі, заңдылығына түсіндірме беріп өтті.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тұрғындардың өтініштері әркез басты назарда болып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қаралуы керектігін және тұрғындар негізсіз әуре-сарсаңға салынбауы керектігін қадап айтты.

Advertisements