Төлеби ауданының әкімі салада жаңа механизм қажеттігін атап өтті

468

Аудан әкімі Төлеген Телғараев аудандық ішкі саясат бөлімінің есебін тыңдады. Бөлім басшысы Жұман Абдиев өткен жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері жайында баяндап өтті.

 2021 жылы бөлім тарапынан Президент Жолдауын қолдау бағытында аудандық БАҚ арнайы “Президент Жолдауына төлебиліктер қолдауы”, «Жолдауға қолдау» атты айдарлар ашылып, 54 мақала, сұхбаттар, ой-пікірлер жарық көрді. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына орай, ауданның көрнекі жерлеріне 19 билборд дайындалып, ілінді.

«Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында жыл басынан бері меценаттар, демеушілер есебінен 11 жоба іске асырылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Оған демеушілер есебінен 759 500,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен насихаттау мақсатында баспасөз-турлары ұйымдастырылды. Аудандық 4 БАҚ-та және әлеуметтік желілерде түрлі тақырыптарда жалпы 56 мақала жарық көрді.

«Ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық, достық қарым-қатынасты нығайту», «Этнос жастар арасында азаматтық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыптарында 121 рет ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

“Достық” атты қысқа метражды бейнеролик дайындалып әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, халық арасында жақсы қабылданды. Мемлекеттік тілді насихаттау және этносаралық татулықты ынтымақтыстықты дәріптеу мақсатында, түрлі этнос өкілдері көп шоғырланған елді мекендердің орталық көшелеріне 8 дана бильборд ілінген.

Исламдық бағыттағы діни бірлестіктің құжаттары бойынша 60 мешіттің 53 толық бітсе 7 рәсімделу үстінде. Исламдық емес 6 діни бірлестіктің құжаттары толық біткен. Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған. Құрамында 21 мүшесі бар. «Дін мен дәстүр» атты тақырыпта арнайы бейнеролик түсіріліп әлеуметтік желілерде жарық көрді.

Төлеби адалдық алаңы жобалық кеңсесі 2020 жылдың маусым айында арнайы бөлме және «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратының ішінен «арнайы бөлме» және «Tolebi adaldyq alany» фейсбук әлеуметтік парақшасы ашылды. Парақшада 107 пост салынып, 3800 оқырманмен толықты.

Бөлімінің тапсырысымен түсірілген “ПАРА” атты қысқа метражды фильмінің жалғасы ретінде түсірілген “Өкініш” ролигі де әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Сондай-ақ, «Адалдық әділ нәсіп» атты қысқаметражды фильм Youtube, Facebook желілеріндегі қаралым саны 750 мыңнан асты.

Жиын соңында атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланды. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы аталған салада жаңа механизм қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын арттыруды тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements