ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «IQALA» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

249
Түркістан облысы бойынша «IQala» мемлекеттік жобасы Кентау қаласында алғашқы болып сәтті іске қосылды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген жоба Мемлекет басшысының «Ақылды қалалар» жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауды басты мақсат етеді.
«Iqala» қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі. Жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Жеке және заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ қызметке өтінім бере алады. Бұл бір реттік өтінішпен бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Құжаттар қысқа мерзімде тапсырылып, өтінімнің мәртебесін бақылау, құжаттарды сақтау секілді қызметтер цифрландырылады.
Қазіргі таңда қала тұрғындары мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсететін: «Ащысай Су» МКК, «Энергопоток» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Alemline» ЖШС, «Дидар-2030» (AlemTV) ЖШС мекемелерінің қызметтерін ikentau.kz интернет-порталы арқылы онлайн режимінде ала алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements