ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ КОНКУРДАН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

279
Әдемілік пен бекзадалыққа негізделген конкур спортына қызығушылар Қазақстанда да жетерлік. Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген осы спорт түрінен Алматы облысы, Талғар ауданында жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.
Бұл жарысқа жоғары дайындықпен барған Түркістан облысының ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өрені жүлдегер атанды. Маликаждар Абылай 130 сантиметр биіктіктен қарғуда «Гарахан» атты сәйгүлікпен өнер көрсетіп, күміс жүлдені иеленді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements