ТҮРКІСТАН: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚТА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

189
1-31 наурыз аралығында Түркістан облысы, Созақ ауданы көлемінде «Таза ауыл» эко-акциясы аясында тазалық жұмыстары өтуде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтың тапсырмасымен Шолаққорған ауылы 5 секторға бөлінді. Оған жауапты бөлім, мекемелер бекітіліп, көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Жауапты бөлім, мекемелерге сектор бойынша тұрғындармен бірге тазалық жұмысын ұйымдастыру жүктелді.
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында тазалық жұмыстары жалғасты. Ауыл ішіндегі көшелер мен арық бойы тазартылды. Тал көшеттері егілді. Мекеме ғимараттарындағы қоқыс қалдықтары шығарылды. Көше тұрғындарына тазалық талаптарын сақтауға, үй ауласын тазалау жұмыстарына шақырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық талаптарын сақтамаған жеке тұрғын үй иелеріне ескерту беріліп, айыппұл салынатыны айтылды.
Тазалық жұмыстарын бақылаған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, бірнеше сектордағы жұмысқа ескерту жасады. «Жыл басы — Наурыз айында жаңарып, маңайымызды көркейтіп, игі іспен бастауға үндеп отырмыз. Тұрғындар да тазалық жұмысына қосылуы керек», деді ол.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements