ТҮРКІСТАН: 32 НАУҚАС БАЛАҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

241
Түркістан орталық қалалық ауруханасының Лор бөлімшесі құрамында бет жақ хирургия саласы бойынша туа пайда болған (жарық таңдай және жарық ерін патологиясы бар) науқастарға жоспарлы түрде көмек көрсетуде.
Ауруханада мастер-класс ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығынан келген балалар хирургы Қанағат Қожамұратовпен бірге оталар жасалынды. Президент жариялаған «Балалар жылына» орай үш ай мен алты жас аралығындағы 32 балаға ота жасалып, емделді.
Уранопластика және хейлопластика оталары жасалды.
Мастер-класстың мақсаты — біліктілікті артыру, жас мамандар дайындау, науқастарға көмектесу. Статистика бойынша Қазақстанда әр 600 балада осы патология кездеседі. Сондықтан нәрестелер арасында мүгедектік санын азайту және өмір сапасын арттыру көзделген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements