АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Г.ҚҰРМАНБЕКОВАНЫҢ РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

294
Құрметті жерлестер!
Қадірлі қала тұрғындары!
Баршаңызды тарихи мәні зор, тәуелсіздік идеясын санамызда орнықтыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен құттықтаймын!
Елдің елдігі мен мемлекеттілігін айқындайтын басты құндылықтар ол – елдің шекарасы, астанасы және мемлекеттік рәміздері екені белгілі.
4 маусым — ел тарихындағы ерекше мәртебелі, айрықша атаулы күн. Мемлекеттік рәміздер ретінде Ту мен Елтаңба — егемендік пен Тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгісі. Ал Әнұран — осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Бүгінгі таңда халықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіре түседі әрі ұлттық сананы қалыптастырып, патриоттық сезімді оятады.
Қазіргі кезде жастарға патриоттық тәрбие бере отырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында қаламызда түрлі мәдени-танымдық, рухани-патриоттық шаралар ұйымдастырылып отыр.
Рәміздерге құрмет – азаматтардың туған жері мен Отанын сүйетін өз елінің патриоты екенін түсінудің, ел болашағына деген сенімнің және патриоттық сезімнің өлшемі.
Ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас – адамның рухани болмысын айқындайтын асыл ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын елдің нышандары екені сөзсіз. Олай болса, Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.
Құрметті ағайын!
Баршаңызды, «4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз — болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Ізгі ниетпен
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Нет описания фото.
Advertisements