ЖАС ДАУЫС БЕРУШІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

225

Арыстық ару Айғаным Лесбек үшін – бүгін ерекше күн. Ол Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгін алғаш рет бүкіл халықпен бірге саяси науқанға қатысуға келіп отыр.

«Мен бүкіл ел үшін мұндай саяси мәні бар шараға алғаш рет қатысып отырмын және ерекше сезімге бөленіп отырмын. Өйткені, осындай саяси додада таңдау жасау мен үшін үлкен жауапты сәт. Мен елімнің ертеңі жарқын болатынына кәміл сенемін», – дейді Айғаным Маратқызы.

Маңызы зор науқанға алғаш рет қатысқан Айғанымға №7 референдум учаскесінің төрағасы Рахима Мелдеханқызы естелік сыйлық тапсырды.

 

Advertisements