АРЫСТА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТЕДІ
Арыс қаласындағы Ергөбек көшесі 107 үй «Б» мекен жайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында 22 маусым күні сағат 15:00-17:00 аралығында қоғамдық қабылдау өтеді.
Қоғамдық қабылдау барысында Арыс қалалық әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдердің мамандары тарапынан қызмет көрсетулер мен консультациялық кеңестер берілетін болады.