АРЫСТЫҚ ШАРУАЛАР ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАМЕН ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ АЛАДЫ
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан бөлінетін жанар-жағар май алуға үміткер шаруалардың назарына!
Ауыл шаруашылығына, оның ішінде егін шаруашылығына қажетті жеңілдетілген жанар-жағармай тауар өндірушілерге екі маусымда, яғни көктем мен күзгі дала жұмыстарына беріледі.
Сондықтан жеңілдетілген жанар-жағармайды алу үшін шаруалар алдын-ала қамданғаны жөн. Яғни, шілде айының алғашқы онкүндігінен бастап үміткер шаруалар қанша тонна жанармай алатынын анықтап, өз аумағындағы ауыл әкімшіліктеріне өтініш беруі тиіс.
Ал ауыл әкімшіліктері Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне тізім ұсынады.