606,6 мың га ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың басшылығымен пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда ведомствоаралық өңірлік топтар жұмысының нәтижелері қаралды.
Биылғы наурыз айынан бастап жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты 224 жоспардан тыс тексеру тіркелді.
Айта кету қажет, жұмыс комиссиясының қызметі басталғаннан бері мемлекетке 606,6 мың га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.
Халықты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында және осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.