АРЫСТА ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ ЖОЮҒА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

229
Бүгін Арыс қаласы әкімдігінде қала іргесінде орналасқан әскери бөлім аумағында орналасқан қоймалардағы оқ-дәрілерді жою жұмыстарын жүргізуге қатысты арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігі мен қала әкімдігінің бірлескен шарасына әскери бөлімнің жауапты мамандары мен әкімдіктің, Ардагерлер ұйымы мен БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Сала мамандарының айтуынша, жару жұмыстары кезінде саперлар тиісті белгіленген есептеулерден соң ған жаруды іске асырады. Мұндай еептеудің мақсаты – жарылыстың зақымдаушы әсерін төмендету болып табылады.
«Сондықтан да, мұндай әрекеттің жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп-қатері жоқ. Біз жақтан барлық қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде қарастырылған», – дейді Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының инженерлік әскерлер департаментінің бөлімше бастығы подполковник Ержан Досымбеков.
Айта кетейік, өткен аптаның соңына қарай Арыс қаласының іргесіндегі әскери бөлім аумағында орналасқан қоймада оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуі салдарынан жарылыс дыбысы жергілікті тұрғындарды едәуір алаңдатқан болатын. Осыған орай, қала әкімінің шұғыл тапсырмасымен тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстары қолға алынды.
Advertisements