ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА: АПТАП ЫСТЫҚ, ШАҢДЫ ДАУЫЛ КҮТІЛУДЕ

78

«Казгидромет» РМК Түркістан облысы филиалының хабарлауынша, Түркістан облысында 13-15 шілде күндері өңірдің батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ал облыстың батыс және шөлді аумақтарында 40-44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Осыған байланысты қала әкімдігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді.

Назар аударыңыз!

– ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;

– аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз;

– күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;

– күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз.

Сонымен қатар, азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз.

Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады.

Денсаулықтарыңызға абай болыңыздар! Қала әкімдігі сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады!

Advertisements