АРЫСТЫҚ БАСКЕТБОЛШЫЛАР ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЛИГАДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНДАРДА ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

61

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде баскетболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының XXXI чемпионатының шешуші ойындары басталды. Тартысты өтіп жатқан баскетбол бәсекесіне Ақтаудың «Каспий», Астана қаласының «Astana Tigers», Ақтөбенің «Ақтөбе» клубы және алаң иелері, өткен жылы чемпион атанған «Тұран» командасының құрамасы қатысып, чемпиондық атаққа таласуда.

Баскетбол ойынының алғашқы күні Ақтаудың «Каспий» командасы мен Ақтөбенің «Ақтөбе» командасы кездесіп, 53:67 есебімен Ақтөбеліктер жеңіске жетті. Сонымен қатар Түркістан облысының «Тұран» командасы мен елордалық «Astana Tigers» бұрымдылары кездесіп, екі команда да жеңіс үшін шаршы алаңда бар күш-жігерлерін көрсетті. Қорытындыда алаң иелері 69:45 есебімен айқын жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Осылайша, Ғалия Мамахан баптайтын шәкірттер чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті. Енді осы «Astana tigers» командасымен тағы екі кездесу өткізіп, жеңіске жетсе, тұрандық команда өткен жылғы чемпиондық тәжін сақтап қалады.

Advertisements