Арыс қаласында Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-де кітапхана қызметкерлері мен сарапшылар арасында дөңгелек үстел өтті.

84

Бұл жиында 6 қазанға белгіленген АЭС құрылысына қатысты референдум жайы талқыланды. Оның ішінде АЭС құрылысын салудың маңыздылығы, ел экономикасының дамуына қосатын үлесі жайы сөз болды.

АЭС-тың экологиялық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, геосаяси артықшылықтарын сараптап, негізгі басымдықтары сараланды.

Жиында қызметкерлердің ашық пікірлері сараланып, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, Атом электр станциясын салу туралы жалпыұлттық референдум өткізу мәселелері талқыланды.

 

Advertisements