МАҚТААРАЛДА ЖАҢБЫР СУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ТҮСТІ, ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

209
Мақтаарал ауданын жаңбыр суынан тазарту жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатта 198 бірлік жеке құрам мен 27 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Жергілікті мемлекеттік органдар және облыстық, аудандық төтенше жағдайлар қызметіне тиесілі 63 бірлік мотопомпалар және жеке кәсіпкерлер, аудан тұрғындарына тиесілі 150-ден астам су сору құралдары жаңбыр суын аумақтардан қашыртуда.
Су қашырту мақсатында ұзындығы 12 шақырымға жуық арық-атыздар қазылып және тазаланып, қазіргі жағдай бойынша 58050 текше метр су аумақтардан шығарылды.
Аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі штабтың тынымсыз жұмысының нәтижесінде қазір ауданда жағдай тұрақталған. Ауданның ірі коллекторларында судың деңгейі айтарлықтай түскені байқалады. Жеті коллекторда да су төмендеген.
Айта кетейік, ауа-райы болжамы алдағы 4 күнге жауын жаумайтынын көрсетіп тұр. Дегенмен, жаңбыр суын қашырту жұмыстар жалғаса береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements