РЕФЕРЕНДУМ: АРЫСТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

324
Бүгін республика аумағында ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата Заңға еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бүкіл халықтың талқысына шығарылып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.
Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 референдум учаскесінде 44 785 азамат өз таңдауын жасай алады. Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келушілерге ашық.
Референдум учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде.
Advertisements